Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей ОПЕК-тегі келіспеушіліктер аясында Қазақстан мұнайының тасымалын шектеді

Ресей Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіз терминалындағы үш айлақ құрылғысының екеуінің жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: reuters.com

Қазақстан мұнайының басым бөлігі осы құбырлар арқылы тасымалданады, ал оның акционерлері арасында америкалық Chevron және Exxon Mobil компаниялары бар.

Бұл шешім Қазақстан мен ОПЕК+ арасындағы өндіру квоталарына қатысты келіспеушіліктер мен Трамптың Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қатаңдату мүмкіндігі туралы мәлімдемесі аясында қабылданған.

Қазақстан мұнайының 80%-ы тасылмалданатын Каспий құбыр консорциумынының (КҚК) операторы Ресейдің көлік саласын қадағалайтын органы жүргізген күтпеген тексерулерден кейін екі айлақ құрылғысының жұмысы тоқтатылғанын мәлімдеді.

КҚК өкілдері айлақтардың жабылуына белгісіз “ақаулар" себеп болғанын айтады.

Басылымның мәліметінше, тексерістер Трамптың Ресей президенті Владимир Путиннің Украина президенті Зеленскийдің беделіне күмән келтіруіне "өте ашулы" екенін мәлімдегеннен бірнеше сағат өткен соң басталған. АҚШ президенті егер бір ай ішінде атысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілмесе, Ресейдің барлық экспорттық мұнайына 25 пайыздық баж салығын енгізетінін ескертті.



Сонымен қатар айлақтардың жабылуы Қазақстан мен ОПЕК+ ұйымы арасындағы келіспеушіліктер аясында орын алған. Қазақстан ОПЕК+ өндірушілері арасындағы келісім шеңберіндегі өндіріс квоталарынан жиі асып кетеді. Агенттіктің мәліметінше, ел үкіметі ірі мұнай кен орындарын игереруші компанияларды өндірісті қысқартуға көндіре алмай келеді.

Басылымның дереккөзіне сүйенсек, наурыз айында Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі рекордтық деңгейге жеткен.

Chevron компаниясы өз мәлімдемесінде Қазақстандағы мұнай өндірісі мен КҚК құбыры арқылы тасымалдау қалыпты режимде жалғасып жатқанын хабарлады.

Қазақстанның Энергетика министрлігі де үшінші айлақ құрылғысы жұмыс істеп тұрғандықтан, мұнай жөнелту  "қалыпты режимде, кестеге сәйкес" жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Reuters агенттігіне хабарлауынша, КҚК арқылы мұнай тасымалының шектелуіне байланысты Қазақстан бірнеше күн ішінде мұнай өндірісін рекордтық деңгейде азайтуға мәжбүр болады. Басқа бір дереккөз басылымға КҚК терминалындағы жөндеу жұмыстары бір айдан астам уақытқа созылатынын айтқан.

Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауыты Ресейге сатылады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Талқылау