Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресей он жыл сайын жаңа соғыс бастайды": Зеленский Ресейдің Қазақстанға қауіп төндіргенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский  БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ресейдің ядролық қаруға иелік етуге құқығы жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Зеленскийдің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: edition.cnn.com

Оның айтуынша, Украина КСРО ыдырағаннан кейін ядролық арсеналын Ресейге тапсырған елдердің қатарында болды.

"Украина өзінің үшінші үлкен ядролық арсеналынан бас тартты. Содан кейін әлем Ресей үлкен державаның қамқоршысы болуы керек деп шешті. Бірақ қазіргі тарих 1990 жылдары ядролық қарусыздануға ең лайықтысы Ресей екенін дәлелдеді. Ресей қазір де қарусыздануға лайық: лаңкестердің ядролық қаруға иелік етуге құқығы жоқ", - деді Зеленский.

Ол Ресейдің он жыл сайын жаңа соғыс бастайтынын айтып, Молдова, Грузия мен Сирияны мысалға келтірді.

"Ресей Беларусьті жұтып қоя жаздады және Қазақстан мен Балтық елдеріне қауіп төндірді. "Сахна артындағы көлеңкелі мәмілелерден" хабардармын. Жамандыққа сенуге болмайды. Путиннің уәделеріне сенуге бола ма деп Пригожиннен сұраңыз. Өтінемін, мені тыңдаңыздар! Барлығы ашық шешілсін", - деді Зеленский.

Талқылау