Ресей Одесса түбіндегі курортқа шабуыл жасады, 17 ересек пен бір бала көз жұмды
Жұмаға қараған түні ресейлік авиация Одесса маңайындағы курортты аймаққа үш ракета ұшырып, 18 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың ішінде кішкентай бала да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.
Ракеталардың бірі тоғыз қабатты тұрғын үйдің талқанын шығарса, қалған екеуі Белгород-Днестровский ауданы, Сергеевка поселкесіндегі курортты аймаққа түсті.
Соңғы мәлімет бойынша, 18 адам, оның ішінде бір бала көз жұмды. Тағы 38 адам жарақат алды.
Жарақат алғандардың ішінде 4 бала мен аяғы ауыр келіншек бар. Үйінді астынан сегіз адам құтқарылды. “Олардың үшеуі балалар”, – деп хабарлады Украинаның төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметі.
Қазіргі кезде оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді