Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші кезеңі қашан өтетіні айтылды
Жоғарғы Рададағы "Халық қызметшісі" фракциясының жетекшісі, украин делегациясының мүшесі Давид Арахамия Ресей Федерациясымен келіссөздер сәрсенбі күні өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол Facebook парақшасындағы келіссөздер бола ма деген сұраққа “Болады” деп жауап берді.
Бұған дейін кездесуді ұйымдастырушыларға жақын болған белорус саясаттанушысы Юрий Воскресенский РИА Новостиге Ресей-Украина келіссөздерінің екінші раунды 2 наурызда Беларусьте Польшамен шекаралас жерде өтуі мүмкін екенін айтқан. Келіссөздердің нақты уақыты туралы ақпарат айтылмады.
Сәрсенбі күні Беларусьтің Белта агенттігі ресейлік делегацияның украиналық тараппен келіссөздер өтетін жерге кеткенін хабарлады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн