Ресей мен Украина арасында келіссөздердің үшінші кезеңі басталды: Қандай шешімдер қабылдануда
Беларусьтің Гомель облысында үш сағаттан бері Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер жалғасуда, таяу уақытта үшінші раунд басталады. Бұл туралы ТАСС агенттігі Украина Президенті Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подолякқа сілтеме жасап жазды.
"Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер жалғасып жатыр. Бірнеше минуттан кейін үшінші раунд басталады", - деп жазды ол Twitter-де. Аталған келіссөз Беларусь және Украина шекарасындағы Гомель облысында басталған болатын.
УНИАН агенттігінің хабарлауынша, Украина делегациясының құрамында "Халық қызметшісі" фракциясының төрағасы Давид Арахамия, Украина қорғаныс министрі Алексей Резников, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, украиналық делегация басшысы бар. ТКГ делегациясы Андрей Костин, депутат Рүстем Умеров және Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Микола Точицкий.
Келіссөздерге ресейлік делегацияны Беларусьтегі Ресей елшісі Борис Грызлов, депутат Леонид Слуцкий, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин ұсынады. Делегацияны Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады.
Кездесу басталар алдында Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей келіссөздерге қатысушыларға өздерін қауіпсіз сезіне алатындарын, кез келген сұрақтарға жауап берілетінін айтты.
Украинаның Strana.ua ақпарат агенттігі Telegram арнасында Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович украиндық делегация келіссөздер барысында Ресейдің барлық әскерін, соның ішінде Қырым мен Донбасстан шығаруды талап етіп отырғаны туралы ақпарат тарады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге келіссөздердің мақсатын ашып айтпаған.
"Біздің бір ғана өкінішіміз бар. Бұл келіссөздер бір күн бұрын жүргізілуі керек еді. Келіссөздер түнде басталуы мүмкін еді, біздің делегация дайын болды, бірақ қарсы тарап енді ғана келді”, дейді Песков.
Екі ел арасындағы келіссөздерді Еуропалық Одақ, Қытай және Германия құптады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
