Басты жаңалықтар
Ресейдің қорғаныс министрлігі Новороссийскке екі теңіз дроны шабуыл жасағанын мәлімдеді
Ресейдің қорғаныс министрлігі Новороссийскке екі теңіз дронының шабуыл жасағанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары жұмаға қараған түні атыс пен жарылыс дауысы естілгенін жазған. Алдымен жарылыс дауыстары Новороссийсктің батысында естілген. Көп ұзамай жарылған дронның видеосы тарады.
Ресей қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек 4 тамызға қараған түні әскери теңіз базасына екі украиналық экипажсыз катер шабуыл жасаған.
"Экипажсыз катердің шабуылына тойтарыс беру кезінде ресейлік кеменің қаруымен катерлер анықталып, жойылды. Ресейлік кемелер әскери теңіз базасын күзетті", – делінген хабарламада.
Шабуыл кезінде аймақтағы Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымы зақымдалмаған. Айта кетері, аталмыш консорциум арқылы Қазақстан мұнайының 80%-ы экспортталады.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған