Ресей Қазақстанмен роумингті тоқтатады
2025 жылға қарай Ресей Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Армениямен ұялы роумингті тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.
Роумингтің күшін жою туралы мәлімдеме Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) одақтас мемлекеттердің барлық ірі мобильді операторларына және Ресейдің Экономикалық даму министрлігіне 2023 жылғы 16 наурызда жіберілген сұранысына қосымшада айтылған.
Бұған дейін Еурокомиссия Еуроодақ (ЕО) және Украина қауымдастығы туралы келісім аясында Еуропалық қоғамдастыққа келген украиналықтарды тегін роумингпен қамтамасыз етуді ұсынған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн