AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей қант экспортына қойған шектеуді алса, елімізде өнім бағасы төмендей ме

Оралдық кәсіпкерлер Ресей ЕАЭО елдеріне қантты экспорттауға салған тыйымды алып тастаса, Қазақстанда өнімнің бағасы түсуі екіталай дейді. Олардың сөздеріне сенсек, қанттың бағасына қазір рубль позициясының тұрақтануы да әсер етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылдың наурыз айының ортасында Ресей ЕАЭО елдеріне қант экспортына 31 тамызға дейін тыйым салды. Жергілікті өндірушілер қантпен ел халқының үштен бірін ғана қамтамасыз ететіндіктен елімізде бұл өнімнің тапшылығы басталып кетті. Мәселен, қазір Оралда бір келі қанттың бағасы 750 теңгеге жетті. Егер Ресей шектеуді алып тастамаса, салынған тыйым күзде аяқталуы мүмкін. Осыған байланысты “қант арзандай ма?” деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа Орал қаласындағы ірі көтерме саудагерлердің бірі "Шанс" ЖШС басшысы жауап берді. 

"Тамыз айында Ресей Қазақстанға қант экспортына салынған тыйымды алып тастаса да, бұл өнімнің бағасы төмендемейді. Өйткені рубль бағамы қазір біршама нығайды, алдағы уақытта бұл тенденция жалғасады. Егер рубль бағамы қазіргі деңгейден өзгермесе, ештеңе арзандамайды. Керісінше, ресейлік азық-түлік бағасы тек өседі”, – дейді кәсіпкер Лимар Сайфуллин. 

Оның айтуынша, қазір Ресейде түйіршіктелген қанттың келісі орташа есеппен 68 рубльге тең. 68 рубльді 7,90 теңгеге көбейтсе (теңгенің рубль бағамы), онда ресейлік қанттың бір келісінің бағасы 537 теңге болады. Ал қазақстандық өндірушілер қанттың келісін көтерме бағамен 450 теңгеден сатады.

"Өзіміздн қажетті көлемдегі қорымыз болатындай, ең алдымен өзімізді асырай алатындай және валюта бағамы мен түрлі санкцияларға тәуелді болмау үшін ауыл шаруашылығын етіп дамыту керек", - деп түйіндеді сөзін Сайфуллин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр