Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей бидайын қазақстандық бидай деп заңсыз тасыған: Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді

ОКҚ-да 26 шілде күні  Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев Ресейдің бидайын қазақстандық бидай деп заңсыз әкету фактісіне түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бидай

25 шілдеде Қаржы министрлігі Павлодар облысы бойынша Қазақстан азаматының Ресей бидайын қазақстандық деп заңсыз әкету фактісін анықтады.

МКК өкілінің айтуынша, астықты оның импорты бойынша заңсыз әкету схемаларын азайту үшін 10 ақпаннан бастап тауарға ілеспе жүкқұжатты міндетті ресімдеу енгізілді.

"Сондай-ақ қазір бағаның ең төменгі деңгейін қолдану мәселесі пысықталуда. Бұл ретте ЕО-мен шекарада бізде тауарлардың қозғалысын толық тексеретін және бақылайтын экспорттық бақылау жұмыс істейді", – деді Саудабаев.

Шекарадағы тауарлар жалған құжаттар арқылы өтуі мүмкін деген себеппен ол тауарға ілеспе жүкқұжатты міндетті ресімдеу енгізілген сәттен бастап мұндай фактілер анықталған жоқ деп жауап берді.

"Бүгін жүкқұжаттар толтырылуда, 10 ақпаннан бастап мұндай фактілер жоқ. Бұл Қазақстанға кірер жерде тексеріледі", – деді ол.

Талқылау