Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ресей Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартты
Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұрынғы банкир және елдегі ірі телекоммуникациялық компанияның «Алмател Қазақстан» АҚ (Алма ТВ) басшысы Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі kommersant.ru-ға сілтеме жасап.
Қазақстанда ол «Банк РБК» банкінен 80 миллион АҚШ долларын ұрлаған деп айыпталды. Бірақ, банкирдің қорғаушысы Ертаевты қудалаудың негізсіз екенін дәлелдей алды. Ал, бұрынғы банкирдің өзі Ресейде босқын мәртебесіне ие болды.
Ресейдің бас прокуратурасының Жомарт Ертаевты Қазақстан билігіне беруден бас тартқаны туралы оның қорғаушысы айтты.
«Біз және біздің сенімді адамымыз Ертаевты үй қамауынан босату туралы ресми хабарлама алған кезде, бізде оның Қазақстанға жіберілмейтіндігіне және барлық бақытсыздықтарға жол берілмейтініне қандай да бір сенім пайда болды», – деді заңгер Алексей Петров «Коммерсантъ» -қа берген сұхбатында.
Қорғаушының айтуынша, бақылаушы орган ақырында, экстрадициядан бас тарту туралы шешімімен танысуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім Мәскеу қаласы бойынша Ресейдің ІІМ-нің орталық басқармасының көші-қон департаменті Ертаевқа босқын мәртебесін бергендіктен қабылданды.
«Жомарт Ертаев полицияға ұсталғаннан кейін Ресей ІІМ-нің бас басқармасына босқын мәртебесін алу туралы арыз жасады. Сондықтан, біз оны экстрадициялау туралы өтінішті қабылдамағанына өте қуаныштымыз, өйткені Жомарттің өзі Қазақстанда әділ сот болады деп үміттенбеген еді»,-деді қорғаушы.
Айта кетейік, бұған дейін Жомарт Ертаевтың ендігі Ресейде қала алмайтындығы жайлы хабарлаған болатынбыз.