Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей азаматы: Павлодар полициясы биік өкшемен билеген ер адамның үйіне не себепті барғанын түсіндірді

Павлодар полициясы биік өкшемен билеген хореографтың үйіне не себепті барғандарын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желіден

Полицияның мәліметінше, қызметкерлер хореографтың үйіне жергілікті тұрғынның шағымынан кейін барған. Хабарламада полиция қызметкерлерінің әрбір шағым бойынша тексеру жүргізуге міндетті екенін атап өтілген. 


"Хайп жасап, қарғыс естіді": Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендер көпшіліктің ашуын туғызды (видео)


"Арыз тіркелді. Материалды жинақтауды аяқтау үшін полиция қызметкерлері жазбаша түсініктеме алу үшін Ресей азаматының уақытша тұрғылықты жеріне барды. Ол ешқандай заңсыз әрекеттер жасамаған. Материал номенклатуралық іс ретінде есептен шығарылды", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салған, бұған дейін Павлодарда жарнамалық роликте биік өкшемен би билеген хореограф Аман Әубәкіровтің үйіне полиция барғаны туралы жазған едік. 

Талқылау