Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалым: Мәскеу қазақ жігітінің есімінің құрметіне қойылған

Сыр өңіріне белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы келіп, зиялы қауым өкілдері, студент жастармен бірнеше кездесу өткізген болатын. Ұстаздың ұлағаты мен өнегелі сөзін тыңдауға біз де қолқа салып, сұхбат құрған едік.

800px-Panorama_of_Moscow_Kremlin

“Шындық пен ақиқат күндердің күнінде тарих сахнасына шығады. Сізге бір ғана мысал айтайын.  Болгар тарихшысы Киевский русьті басқарып тұрған Сұңқар деген қазақ болыпты деген мәліметті тапқан. Оған Соколов, Станислав деген ат қойған. Ол сол елде тұрып, орыс қызына үйленген.

Ресейдің  мемлекеттік  жүйесін  құрып, жасаған осы қазақ болған.  Кейін осыны жасырып қалу үшін Киевтің  ұлы князі Владимир Мономах  жазбалардың бәрін өшіріп, көзін жойып, орнына жалған құжат жасаған екен.  Біз осыған 1860 жылдан бері сеніп келдік. Сөйтсек бұл өтірік екен. Бұны Болгар тарихшылары айтып берді.

Мәскеуде 1088 жылы Асат Мосқау деген жігіт билеген. Мәскеудің халқы оны жақсы көргеннен оның атын Мәскеу дегенге айналдырып жіберген екен. Сонда орыстың астанасының аты Мәскеу қазақтың есімінің құрметіне қойылған және орыстың мемлекеттік жүйесін  Сұңқар деген қазақ құрған.

Дәл қазіргі уақытта біз ұлы Абайды барынша тануға күш салып, құлдық санадан арылуымыз керек. Ресейдің мұрағаттарында бізге қатысты құжаттарды жойып тастауында үлкен мән бар. Кеңестік билік қазақтың басын көтертпей, бақылауында ұстап отырды. Шын мәнісінде біз қанымыз таза, ойымыз сергек, дүниетанымы өте терең халықпыз.

Бұл деректерді ғалымдар біледі деп ойлаймын. Көп уақыт өтпей-ақ бұл шындық та айтылатын болады”, – дейді Мекемтас Мырзахметұлы.

Жіберіп алмаңыз:

Жоғары жалақыға қол жеткізудің 6 ережесі

2016 жылы қазақстандықтардың өмірін жақсартқан 12 адам

Талқылау