AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей әскери техникасы Қостанайға кіргізілген: Видеоға қатысты қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Қазақстанның қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған Қостанай облысындағы ресейлік техникалардың видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қостанай облысындағы ресейлік техниканың қозғалысына қатысты, бейнежазбада іздестіру-құтқару жасақтарын қолдау бөлімшесінің колоннасының құрамында Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналастыру пункттеріне жөнелту сәті түсірілгенін хабарлаймыз", –  делінген хабарламада.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

Ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлері бар капсуланы іздеу мақсатында Ресейлік бөлімше Қазақстанға келген болатын.

Бұрын хабарланғандай, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз МС-21" ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ "Союз МС-19" ғарыш кемесі қонды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр