Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің бірнеше облысында алапат су тасқыны басталды

Ресейдің бірнеше өңіріне өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Су басу қаупі төнген өңірлер арасында Ресейдің орталық бөлігіндегі Қорған, Тюмень және Омбы облыстары бар. 

Синоптик Александр Шувалов бұл жағдайды желтоқсан айындағы қардың мол жаууымен және 111 жылда болмаған ерекше жылынумен байланыстырады. Оның пікірінше, осы себептен өзен сулары әдеттегіден үш ай бұрын арналарынан аса бастаған.

Брянск қаласында Десна өзені тасып, қаланың бір бөлігіндегі жағалауды су басып қалған. Рязань қаласында Ока өзені арнасынан асып, "Лесопарк" айлағын су басқан. Тверь қаласында өзеннің әсерінен Бологов ауданына арналған көпір құласа, ал Воронежде Дон өзеніндегі көпір жабылған. 

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында да судың рекордтық деңгейі тіркелген. Бұл Ресейдің Орынбор облысына қауіп төндіріп тұр. Себебі егер жағдай өзгермесе, Қазақстан тарапы Ресейдің Орск қаласына қарай су жібере бастайды.

Еске салсақ, 2024 жылдың көктемінде де су тасқыны болып Қазақстан мен Ресейдің ондаған өңірі зардап шеккен еді. Осы кезде ресейлік шенеунік Ресейдегі су тасқынына Қазақстан себеп болғанын айтып мәлімдеме жасады. Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі ресейлік шенеуніктің мәлімдемесін жоққа шығарды. 

Талқылау