Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рената Литвинова Земфира екеуінің тойына қатысты пікір білдірді

Бұған дейін әнші Земфира мен Рената Литивинованың үйленгенін БАҚ құралдары жарыса жазған еді. Рен-ТВ арнасының мәліметінше, той 2009 жылдан бері біржынысты некеге рұқсат берген Швецияда өткен.

Алайда Рената Литвинованың ресми өкілі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарып отыр. Режиссер мұндай жалған ақпаратты таратқан адамды жазалағысы келетінін айтқан.

“БАҚ-тағы шындыққа жанаспайтын жаңалықтарды көрген соң Рената қатты қапаланды. Оның кәмілеттік жасқа толмаған қызы бар. Сондықтан да ол жалған ақпараттың авторларын іздейтін болады», – дейді режиссердің өкілі. РИА Новости басылымына.

Земфира мен Литвинова жиі бірге жұмыс істейді. 2014 жылы Земфира Литвинова режиссерлік еткен «Жить в твоей голове» атты бейнебаянын жарыққа шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

“Балаңызды ұрмаңыз”: Нұртас Адамбай 1,5 жасар ұлына қол көтергенін айтты

Кәмшат Жолдыбаева жалаңаштанғаны үшін сынағандарға жауап берді (видео)

Әли: Талай аға әріптестерім қабылданбаған рөлге режиссер мені таңдады

Асылхан Төлепов бойдақтық өмірімен қош айтыспақ (фото)

Талқылау