Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда "Рэкетир 3" фильмі қылмыс әлемі серкесінің ұлына байланысты тыйым салынды

Қазақстандық "Рэкетир 3" фильмі қылмыстық авторитеттің ұлына байланысты Қырғызстанда тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.Media порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram.com issembayevsayat / Руслан Көлбаев қызыл түспен дөңгеленіп тұр, оның қасында Саят Исембаев

Ақан Сатаевтың "Рэкетир 3" фильмі Қырғызстанда прокаттан алынды. Бұған дейін фильмнің түсірілім тобын көршілес елде қылмыстық беделді тұлға Камчы Көлбаевтың ұлы күтіп алған еді. Мәліметтерге сенсек, 20 ақпанда "Кыргыз тасмасы" мемлекеттік киноорталығы фильмнің прокат куәлігін қайтарып алған. Қазір кинотеатрлар сатып алынған билеттер үшін ақшаны қайтарып жатыр.

"Бұл шешімнің нақты себебін "Кыргыз тасмасы" ұйымынан сұраған дұрыс. Біз тек олардың шешімін орындаймыз. Егер фильмді көрсетсек, айыппұл төлейміз", – деп түсіндірді "Синематика" кинотеатрлар желісінің өкілдері басылымға.

Қызығы, фильмнің түсірілім тобын, соның ішінде танымал қазақстандық актер Саят Исембаевты Қырғызстанда Камчы Көлбаевтың ұлы Руслан Көлбаев қарсы алған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда Көлбаевтың түсірілім тобын шекарада күтіп алып, ұлттық мейрамханада қонақ еткені және премьера кезінде қызыл кілеммен бірге жүргені көрінеді.

Фильмнің көрсетіліміне тыйым салудың бұл жағдайға қатысы бар ма, белгісіз. Алайда бірнеше қырғыз басылымы бір күннен кейін Руслан Көлбаевтың "жылы қарсы алуы" туралы материалдарын өшіріп тастаған. Сонымен қатар желіде Саят Исембаевтың Қырғызстан билігіне үндеуі таралып жатыр. Ол қылмыстық беделді тұлғаның ұлымен байланысы жоқ екенін мәлімдеп, фильмді прокатқа қайтаруды сұраған.

"Бүгін ғана Руслан Көлбаев біздің фильмге қатысы бар деген ақпаратты естідім. Бірақ сенімді түрде Русланның фильмге еш қатысы жоқ екенін айта аламын. Ол басқа шақырылған қонақтар сияқты жай ғана қатысушы болды. Бізді дистрибьюторлық компания қарсы алды. Қырғызстан билігі біздің жағдайымызға түсіністікпен қарайды деп үміттенемін", – деді актер.

@shamatovv1111 Репост Репост Репост !!!!!!@Ruslan Kamchy #саянрэкетир #fup #ruslankamchy #камчыколбаев ♬ оригинальный звук - Временно недоступен!

Дегенмен қазақстандық басылымдар бұл видеоүндеудің шынайылығын растай алмайды. Актердің әлеуметтік желідегі парақшаларында видео жоқ. Бірақ қырғыз желі қолданушылары оны белсенді түрде таратып жатыр.

Айта кетейік, 18 ақпанда қырғыз депутаты Бақтыбек Марипов елде бандиттік идеологияны насихаттайтын фильмдерді көрсетуге тыйым салуды ұсынған. Оның пікірінше, мұндай картиналар жасөспірімдердің психоэмоциялық жағдайына кері әсер етеді.


"Қазір күлетін кезең бе?": Бір топ депутат кино саласын сынап, премьер-министрге сауал жолдады


Еске салайық, бұған дейін ІІМ мәдениет және ақпарат министрлігіне хат жолдап, "Слово пацана" фильмі зорлықты насихаттай ма, талдау жасап көруді сұраған. Министр Аида Балаева фильмді саралап, ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын айтты. Министр фильмнің қазақ қоғамына қатысы жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, біздегі жастардың мәселесі басқа. Бізде лудомания, есірткіге тәуелдік, мәдениетсіздік өршіп тұр дейді ол.

Талқылау