Регина Вандышева «Әлем аруы» тізіміндегі үздік 15-тік қатарынан көрінді
Биыл Санья қаласында өтіп жатқан «Әлем аруы» байқауында 22-жасар алматылық студент алғашқы он бестік қатарынан орын алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазақстандық ару байқаудың жартылай финалына жолдама алды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Регина 108 қатысушының арасында 13 орында тұр.
Регина жеңіл атлетика бойынша спорт шеберіне кандидат. Ол бір ай бойы әлемнің ең сұлу деген аруларымен бірге ақтық сынға дайындалған болатын.
Бұдан бұрынғы байқауларда Қазақстан атынан Маргарита Кравцова (2000 жылы, үздік бестік) және Жанна Жұмалиева (2011 жылы, үздік ондық) үздіктер қатарында топ жарған болатын.
“Әлем аруы” — ертеден келе жатқан сұлулық сайыстарының бірі. Ол ең алғаш рет 1951 жылы Ұлыбританияда өтті. Ереже бойынша жеңімпаз бір жыл Лондонда тұру құқығына ие болады. Сонымен қатар, келісім бойынша оған әлем бойынша қайырымдылық шараларына қатысу жауапкершілігі жүктеледі.
Талқылау