“Әлем аруы – 2015” атағын испаниялық ару жеңіп алды (фото)
Қытайда атышулы «Әлем аруы» байқауы мәресіне жетті. "Әлем аруы" атағы Испания елінен келген Мирейя Лалагуна Ройоның еншісіне бұйырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Фото: ЕРА
Үшінші орынды - Индонезиядан келген сұлу, екінші орынды ресейлік ару алды. Ақтық сынға жолдама алған бестікке Испания, Ресей, Индонезия, Ливан мен Ямайка елдерінен келген арулар енген болатын. Байқауда Қазақстанның намысын былтырғы жылғы республикалық байқаудың жеңімпазы Регина Вандышева қорғады. 22 жасар алматылық ару жартылай финалға өтті, алайда дауыс беру нәтижесі бойынша тек 13 орынды иеленді. Өзінің ізін басқан биылғы жылдың аруына жеңімпаз тәжін «Әлем аруы – 2014» атағын алған оңтүстікафрикалық сұлу Ролин Стросс табыс етті. Әлем аруы - Мирейя Лалагуна Ройо 






Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

