Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Референдумда заң бұзған екі адамға айыппұл салынды

Қазақстанда референдум өткізу туралы заң талаптарын бұзған екі адам жазаланды. Мұны бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің басшысы Бекжан Қараманов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Оның айтуынша, республикалық референдумды өткізу процесі тыныш өтіп жатыр.

"Заң бұзған екі факті анықталды. Біреуі заңсыз сауалнама жүргізген, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал екіншісі сайлау күні үгіт-насихат жүргізді", – деді Бекжан Қараманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тыйым салынған заңсыз үгіт-насихат жүргізген Қазақстан азаматына айыппұл салынды.

"Азаматқа “Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тыйым салынған кезеңде жүргізу” бойынша  айыппұл салынды екі жағдайда да құқықбұзушылар өз кінәсін мойындады. Сондықтан да 6 қазанда кез келген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге және таратуға жол берілмейді. Сайлау күні оған тыйым салынады", – прокуратура өкілі.

Қазіргі уақытта референдумға қатысты прокуратураға өтініштер немесе сотқа талап арыз түспеген.

Бұған дейін бас прокуратура АЭС құрылысы бойынша референдумда заңбұзушылықтар әзірге анықталмағанын мәллімдеді.

Талқылау