Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Редакциямыз "Ақбөбек" балалар лагерінен кешірім сұрайды

Stan.kz редакциясы "Ақбөбек" балалар лагерінен кешірім сұрайды. 

2019 жылдың 1 тамызында сағат 08:19 кезінде «Жыныс мүшесін ұстап, қылқындырған": Ақтөбелік ата-аналар лагерь тәрбиешісінің үстінен арыз түсірді» деген тақырыппен редакциямызда материал шықты. Аталған материалдың басты суретіне Маңғыстау облысы Кендірлі демалыс аймағы Жаңаөзен қаласының Ақбөбек балалар демалыс орталығында түсірілген сурет қателікпен қойылған.

Осы орайда аталған материал да, сурет те сайттан өшірілді. Stan.kz редакциясының атынан кешірім сұраймыз және алдағы уақытта мұндай жағдайдың алдын алуға барымызды саламыз. Материалды жариялаған тілшіге қатысты шара қолданылды. 

Талқылау