Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Рецепттер: үй жағдайында әзірленетін орамалар
Ораманың бірнеше түрі бар. Бірақ, көпшілігі орама десерт секілді ұсынылатын, ішінде неше түрлі қоспалары бар тәтті деп ойлайды. Бірақ, олай емес. Орама деп тек тәттілерді атамаймыз. Мысалы, ораманың ішіне неше түрлі ингредиенттерді салып, тіскебасар тағам терінде де жасайды. Соған байланысты, Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге десерт ретінде ұсынылатын орама мен тағам ретінде берілетін ораманың рецептін ұсынады.
Крем қосылған бисквитті рулет
Крем қосылған бисквитті рулет жасау үшін 6 жұмыртқа, 150 грамм қант, 60 г картоп крахмалы, 60 грамм ұн, крем үшін 180 г сары май, 2/3 қойылтылған сүт, 1/2 стақан жержаңғақ, безендіру үшін 1 ас қасық бадам жапырақтары, 1 ас қасық шоколад үгіндісі керек.
Дайындалуы
1. Ұн мен крахмалды қосып, жақсылап араластырыңыз.
2. Жұмыртқаның ақуызын сарысынан бөліп алу керек.
3. Ақуызға қант қоса отырып, қоюланғанша шайқаймыз.
4. Содан кейін жұмыртқаның сарысын шайқап, ақуызға қосыңыз. Қоспаны мұқият араластырыңыз.
5. Қоспаға біртіндеп ұн қосыңыз. Қоспаны түбінен бетіне қарай араластырыңыз.
6. Пісіру табағының бетіне тағамды жабыстырмайтын қағаз төсейміз де, бисквитті қамырынды біркелі етіп жайып шығамыз.
7. Қамырды тегістейміз. Қамырдың қалыңдығы 1,2 – 1,3 сантиметрден аспауы тиіс. Және қамыр 200 градус температурада шамамен 7 минут пісуі керек.
8. Піскен бисквиттің беті ашық крем түсті болуы керек. Содан кейін дайын бисквитті пештен шығарамыз.
9. Бисквит жылы болып тұрғанда орап алыңыз да суығанша суытып қойыңыз.
Кремнің жасалуы
1. Сары майды араластырғышпен араластырып алу керек.
2. Майды жақсылап ерітіп болған соң, оған қоюландырылған сүт қосыңыз.
3. Жержаңғақты қабығынан тазалап, қуырыңыз да ұсақтаңыз. Содан кейін жержаңғақ ұнтағын кремге қосыңыз. Кремді жақсылап араластырыңыз.
4. Суыған бисквитті жайып, оған дайындалған кремді құйып, біркелкі етіп жағып шығыңыз.
5. Содан кейін бисквитті орама етіп ораңыз.
6. Бисквитті ораманың бетін қалған креммен майлап, бадам жапырақтары мен шоколад ұнтағын себіңіз.
Алма және ванильді крем қосылған сүзбеден жасалған орама
Ол үшін бізге 500 грамм ұн, 175 г маргарин, 100 г қант, 16 г қамыр қопсытқышы (разрыхлитель), дәміне қарай апельсин қабығының үгіндісі, 6 ас қасық апельсин шырыны, 250 г сүзбе, 2 жұмыртқа, 1 пакет ванильді пудинг, 300 мл сүт, 3 алма мен бір шымшым тұз керек.
Дайындау әдісі
1. Қант пен маргаринді араластырып, ашық түсті кремді масса алу керек. Содан кейін бір-бірден жұмыртқаны қосамыз. Бірте-бірте апельсин шырынын да құйып, ақырын араластырамыз. Сосын жұмсақ ірімшікті қосып, жақсылап шайқаймыз.
2. Ал, ұнды қамыр қопсытқышы мен апельсин қабығының үгінідісіне бөлек араластырып аламыз. Және сүзбе қосылған қоспаға біртіндеп ұн қосамыз. Бірақ, қоспа түйіршік болып қалмас үшін жиі араластыру керек.
3. Енді пудингке кірісеміз. 1 пакет ванильді пудингті бір ас қасық қантпен араластырып, 100 мл сүт қосамыз. Қалған сүтті қыздырып, қантпен араластырылған пудингке құйыңыз. Содан кейін пудингтің бетін жауып және оны суытыңыз.
4. Сол уақытта үш үлкен алманы жуып, тураймыз.
5. Қамырды тіктөртбұрыш етіп жайып, бетіне ванильді кремді жағамыз. Содан кейін, алманы салып, бетіне екі ас қасық қант себеміз.
6. Қамырды орама етіп ораймыз да, екі бөлікке бөлеміз. Содан кейін беті мен айнасына жұмыртқа жағып, 180 градуста қыздырылған пешке салып, 45 минут пісіреміз.
Ветчина мен картоп орамасы
Ветчина мен картоп орамасы гарнир немесе тіскебасар тағам ретінде ұсынуға болатын нағыз таптырмайтын ас. Тамаша дәмі бар дәмді тағамды дайындаудың рецепті сіз ойлағандай күрделі емес.
Ветчина мен кртоп орамасын жасау үшін бізге 500 грамм картоп, 100 г пияз, 100 г қатты ірімшік, 100 г моцарелла (үлкен шарын), 150 г ветчина, 2 жұмыртқа, тұз, қара бұрыш және қалауызға қарай дәм татымды шөптер керек.
Үй жағдайында жасалатын ораманы дайындау рецепті
Ораманың дәмі драникке немесе салмасы бар зразаға ұқсас. Дегенмен, олар пеште пісірілгендіктен, аз калориялы болады.
1. Аршылған, жуылған картоп пен пиязды тесігі ірі үккіштен өткізіңіз.
2. Картоп пен пияз қоспасына ұнтақталған қатты ірімшік пен дәмдеуіштерді және тұз қосыңыз.
3. Жұмыртқаны жарып, араластырғышпен шайқаңыз да басқа ингредиенттермен араластырыңыз. Содан кейін барлығын мұқият араластырыңыз.
4. Пісіру табағына немесе ыдысына пергамент қағазын төсеп, картопты жентекті салыңыз. Салманың қалыңдығын бірдей қылып, табақтың бүкіл бетіне біркелкі етіп, жаямыз.
5. Тұмшапешті 180 ° C-қа дейінгі температуда қыздырып, жарманы кемінде 25-30 минут пісіріңіз.
6. Тұмшапешті өшіргеннен кейін табақты 10-15 минутқа пеште қалдырыңыз.
7. Моцарелланы тұздықтан шығарып, дөңгелек қылып кесіңіз.
8. Ветчинаны жұқа тілімдерге тураңыз.
9. Ветчина қабатын картоп негізіне жайып, үстіне ірімшік дөңгелектерін қойып шыңыз.
10. Ораманы орап, пешке 180 ° C температурада 10 минутқа салып қойыңыз. Осы уақыт ішінде ірімшік еріп, тағамның пішінінің бұзылмауын қамтамасыз етеді.
11. Дайын ораманы салат жапырақтарының үстіне қойып, кесіп, дастарханға қоя беріңіз.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
