Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ребрендинг жасаған «Қазақстан» арнасы атауын латын әрпімен жазды

Қазақстандағы мемлекеттік «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы (РТРК) жаңа эфир маусымы басталған күні компанияда ребрендинг жасалғанын жариялады.

1001B41B-CEC8-4CD7-A873-DD86462DFDCB_cx6_cy2_cw85_w1023_r1_s

Телерадиокорпорация атауы бұдан былай Qazaqstan деп жазылмақ. Корпорация құрамына енетін 14 аймақтық арналардың атаулары да жаңарған (мысалы, «Қазақстан – Ақтау» енді Mangystau, «Қазақстан – Шымкент» Ontustik деп аталмақ), бұл мекемеге қарасты бірнеше БАҚ-тың атауының жазылуы да (“Қазақ радиосы” – Qazaq radiosy, “Қазспорт” – Qazsport) өзгерген, деп хабарлады Азаттық.

Бұған қоса телеарнаның логотипі де жаңарған.

Компания бұл өзгерістерді «ұлттық дәстүрді әйгілейтін, корпорацияның жаңа әлемдік стандарттарға талпынысын көрсететін біртұтас танымал белгі құру» әрекеті ретінде сипаттайды.

«Қазақстан» РТРК құрамында үш республикалық және 14 аймақтық телеарна, төрт радио мен 36 сайт бар. Телеарна Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия мен Қытайдың кей өңірлеріне де хабар таратады.

Тағы да оқыңыз:

Оғыз Доған атышулы оқиғадан кейін “Эйр Астананың” қалай өзгергенін айтып берді

Қайын жұрты күштеп алып қашқан қыздың өзіне ұрысып, жекіп тастады (видео)

Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады

Талқылау