"Реал Мадрид" "Қайратқа" қарсы Алматыдағы ойынға негізгі құраммен шығады
Фото: globallookpress.com
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында "Кайратпен" өтетін кездесуде мадридтік "Реал" негізгі құрамды алаңға шығаруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BorodAbata.kz спорттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Испаниялық спорт сарапшысы, Marca журналының тілшісі Давид Руистың пікірінше, корольдік клуб үшін Алматыдан үш ұпай алу өте маңызды.
"Бұл бар болғаны екінші тур ғана, сондықтан негізгі ойыншыларды Мадридте қалдыру қауіпті шешім болар еді. Тек жарақаттар болмаса, "Реал" ең мықты құраммен ойнайды. Әйтпесе, 8 мың шақырымға сапар шегудің мәні болмайды", – делінген сарапшылардың пікірінде.
Айта кетейік, испандықтар алдағы екі аптада тығыз кестемен ойнайды. "Кайратпен" кездесу алдында "Реал" алдымен "Атлетикомен" дерби өткізсе, 5 қазанда "Вильярреалға" қарсы алаңға шығады. Құрам құны бойынша да айырмашылық зор: сарапшылардың есебінше, "Реалдың" құрамы алматылық клубтан шамамен 110 есе қымбат.
Талқылау

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
Исламтанушы Қанат Байбосынұлының сөзінше, Сириядан келген мигранттардың басым бөлігі Қазақстанға "Жусан" операциясы арқылы оралды