"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының жеңімпазы
“Реал Мадрид” футбол клубы “Дортмунд Боруссияны” жеңіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Reuters
Төрткүл дүние көз тіккен Чемпиондар лигасының финалдық матчында королдік “Реал Мадрид" командасы мен дортмундық “Боруссия” ойнап, “Реал Мадрид” командасы жеңіске жетті. “Уэмбли" стадионы өткен матчтың алғашқы таймында есеп асылған жоқ. Тек екінші таймның 74-минутында Тони Кросстың бұрыштамадан көтерген добын Дани Карвахаль баспен қақпаға дәл бағыттап есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал Винисиус Жуниор 83-минутта екінші голды соғып, ойынның тағдырын шешті. Осылайша, “Реал Мадрид” командасы өз тарихында он бесінші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып отыр.
Айта кетейік, “Боруссия Дортмунд” 11 жылдың ішінде алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шыққанын еді. 11 жыл бұрын да финалда ұтылып, чемпион атана алмаған болатын.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн