“Реал Мадрид” Алматыға келеді: "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
Фото: fckairat.com
Алматылық “Қайрат” чемпиондар лигасында жалпы кезеңінде “Реал Мадридке” қарсы ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
28 тамыз күні Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, жалпы кезеңге жолдама алған командалардың қарсылыстары анықталды.
Жеребе бойынша “Қайраттың” қарсыластары – мадридтік “Реал Мадрид”, белгиялық “Брюгге”, грециялық "Олимпиакос" және кипрлық "Пафос" командалары Қазақстанға келеді.
Сонымен қатар "Қайрат" миландық "Интер", лондондық "Арсенал" және лиссабондық "Спортинг", даниялық “Копенгаген” футбол клубтарымен қонақта ойнайды.
"Қайраттың" Чемпиондар лигасына қатысуы Қазақстан экономикасына қанша табыс әкеледі?
Чемпиондар лигасына жол ашқан "Қайраттың" жаңа жұлдызы Темірлан Анарбеков кім?
Айта кетейік, матчтардың нақты кестесі 30 тамызда белгілі болады. Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің ойындары 16 қыркүйектен 28 қаңтарға дейін өтеді деп жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін "Қайрат" шотландиялық "Селтикті" жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған еді.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
