Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

RBK Bank Қазақстан азаматтарының экологияға көзқарасын өзгертуге көмектесіп жатыр

21 сәуірде Астанада ел президентінің қатысуымен “Таза Қазақстан” ауқымды экологиялық фестивалі өтті. Іс-шарада инновациялық экожобалар мен стартаптар таныстырылған көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

Көрменің маңызды бөлігі қалдықтарды қайта өңдеу жобалары мен жасыл технологияларға арналды. Атап айтқанда, фестивальге қатысқандар қайта өңделген материалдардан жиһаз өндіру, литий-иондық аккумуляторларды қайта өңдеу, ормандарды бақылау және қалпына келтіру, мұнай төгілуінің зардаптарын жоюға қатысты жобаларын көрсетті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде әр азаматтың, әсіресе өскелең ұрпақтың бойына табиғатқа қамқорлық пен тазалық мәдениетін сіңіру керек екенін айтты. Фестивальдің бас демеушісі – еліміздегі маңызды әлеуметтік жобаларды үнемі қолдап жүретін RBK Bank. 

"RBK Bank үшін осындай ауқымды әрі маңызды оқиғаның бір бөлігі болу — үлкен мәртебе. Бұл шара – мемлекеттің, кәсіптің және қоғамның қоршаған ортаны қорғаудағы күш-жігерін біріктіретін платформа. Бұл тек экологиялық бастамаларды көрсету алаңы емес, бұл — жаңа ойлаудың және болашақ алдындағы ортақ жауапкершіліктің символы", — дейді RBK Bank-тің басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Сонымен қатар банк төрайымының сөзінше, RBK Bank-тің экологияны қолдайтын жобаларға қатысуы – банктің инновациялық экожүйе құру жолындағы табиғи қадамы.

"Біз технологияны, қызмет сапасын және экологиялық сананы үйлестіріп, клиентке жайлы жағдай сыйлайтын экожүйе құрып жатырмыз. Біз үшін тұрақтылық – тренд емес, әр шешіміміздің негізі болып тұрған философия”, – дейді RBK Bank-тің басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Экологиялық фестиваль аясында "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының қорытындысы шығарылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, экологиялық бастамаға қатысқандардың саны 6 миллион адамнан асқан. Бұл – шамамен әр үшінші қазақстандық азамат. 

Бірлескен жұмыстың арқасында 1,1 миллион тонна қалдық жиналған. Өңірлерде ауқымды экологиялық іс-шаралар өткізіліп, 1,8 миллион гектар аумақ тазартылды, 1,6 миллионға жуық жасыл желек егілді, 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары қалыпты жағдайға келтірілді. Сонымен қатар өзендердің, көлдердің және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден астам аумақ тазартылды. Кештің басты оқиғасы – қоршаған ортаны қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін жетекшілер мен жаңашылдарды марапаттау рәсімі болды.

№1.2.100/245/41 лицензиясын ҚР ҚНРДА 05.04.2021 берді

Наргиза Аршидин
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 12:43
Талқылау