"Райымбек Батыр": Ерке Есмаханның үшінші ұлы дүниеге келді
Фото: https://www.instagram.com/raimusican/
Әнші Ерке Есмахан үшінші ұлын босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның жұбайы Райымбек Бақтыгерей баласының суреттерін жариялап, сүйінші сұрады.
"Қош келдің, ұлым! Райымбек Батыр!", – деп жазды RaiM.
Қос әншінің тыңдармандары құттықтап, балаға ұзақ ғұмыр тілеген.
-
"Мені жыл сайын "роддомға" жібереді": Ерке Есмахан күйеуін ел алдында мақтады
-
"Адам жұмсағанды салмаған дұрыс": Ерке Есмахан үйін жинатамын деп көпшіліктен сөз естіді
Еске салайық, өнер иесі бақытты ана екенін жеткізіп, қашан босанатынын айтқан еді.
"Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еттім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығын, жан мен тән үйлесімділігін тапқаным ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайып сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау", – деп жазды әнші.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
