Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рауан Дәулетов Ақботаның бірінші күйеуімен араласатынын айтып, елді таңғалдырды

Ел Ақбота Керімбекова деп танитын әншінің ендігі тегі басқа. Алдағы уақытта Ақбота сахнаға Дәулетова тегімен шығатын болады. Керімбекова деп танылып кеткен әнші мұндай қадамға жарының өтінішімен барған.

Бұл туралы “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Рауан Дәулетов Ақбота Керімбековаға он жылдан бері ғашық. Ақботаға деген сезімінің шынайылығы сонша, Рауан оның үш бірдей ұлын жатырқамай қабылдаған. Тіпті, Ақботаның алғашқы жарымен де жақсы араласады екен.

“Жалпы араластығымыз бар. Көрген жерде амандығымыз, сәлеміміз түзу. Өйткені Бота мен Шалқардың ұлдары бар, Біржан мен Ақан. Ол балалар әкесімен араласуға құқылы. Ер азаматтар өздері түсінеді ғой, қалай сөйлесу керектігін. Жалпы ешқандай кедергі жоқ. Ал ұлдармен арада ағалы-інілі қатынас бар. Бір-бірімізді түсінеміз, аналарына айта алмайтын сырларын маған айтады. Ұнамайтын іс-әрекеттерін көрген жоқпын, көп байқамаймын. Бірақ енді қолдан келгенше айтып отырамын, өздері қорытындылап, “Рауан аға, солай екен ғой” деп отырады”, – деді Рауан ағынан жарылып.

Айтуынша, Ақботаның үлкен екі ұлы оны аға, ал үшіншісі әке дейді. Мұны Ақбота Дәулетованың (Керімбекова) өзі де растап отыр.

“Рауанды бетіне мақтағаным емес, ол ұлдарымды бауырларындай, кіші ұлымды баласындай қабылдады. Оның барлығы менің өзіме деген құрметі, сыйы деп білемін. Өйткені сен шын сүйсең, ештеңеге қарамайсың. Ол махаббаттың қасиеті деп білемін. Үш ұлымды дүниеге әкелгеніммен, оларды бағып қаққан анам. Сол себептен үшеуі де менің інілерім сияқты. Әсіресе үлкендері, екеуі мені қалжыңдап “брат” дейді”, – деп түсіндірді Ақбота.

Әнші қос ұлының Қытайда білім алып жатқанын айта келе, кенжесін жарымен бірге тәрбиелеп жатқанын айтты. Сондай-ақ болашақта қызды болуды армандап жүргенін жасырмады.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар келіншегін жасыруының себебін ашып айтты

Сәкен Майғазиев: Өнер мектебін елден қалмайын деген ашкөздікпен ашқан жоқпын

Төреғалидің жары Толқын өзі, отбасы жайлы бар шындықты ашып айтты

Үйлену тойында жарына арнап ән айтқан Төреғали дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

 

 

Талқылау