Рано Омарова жиі сәбиін тастап қыдыруының себебін түсіндірді
Соңғы бірнеше айда Рано Омарова сәбиінсіз қыдыруды шығарған. Желі қолданушылары оны осы әрекеті үшін сынап тастады. Алайда әнші оған сүйікті әжесі қарап отырғанын айтып ақталып жатыр.
Фото: instagram.com/ranosha_umarova/?hl=ru
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Ашық-шашық көйлектерін сандығына тығып тастаған Рано Омарова ана деген атқа барынша лайық болуға тырысып жүр. Десе де, әнші әріптестер арасындағы мерекелік отырыстардан қалмауға тырысады екен. Ол осы қылығы үшін оқырмандарынан сөз естіді.
“Ұлымның жағдайы жақсы. Еңбектеп жүре бастады. Ол “ана” деп айтқан кезде бақыттан басым айналады. Әзірге оған әжесі қарап отыр. Инстаграм қолданушылары “Неткен бассыздық! Балаңыз қайда?!” деген секілді пікірлер жазады. Ұлыма үйде өзінің сүйікті әжесі қарап отыр. Мұндай жағдай барлығының басынан өтті деп ойлаймын. Көбісі сәбилерін үйде қалдырып, күйеулерімен киноға барған шығар. Өмір сүріп, әртүрлі шараға атсалысып отыру қажет”, – дейді Рано Омарова.
Жіберіп алмаңыз:
Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады
Баян Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді
Мақпал Жүнісова ауласындағы қарды неге өзі күрегенін түсіндірді