Рано Омарова сүйіктісінен опасыздық көргенін айтты
Әнші, актриса Рано Омарова сүйіктісінен опасыздық көргенін айтты. Оның сөзінше, тіпті әлемдегі ең тартымды әйелдердің өздері мұндай проблемамен бетпе бет кезігеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram оқырмандарымен ашық сұхбат ұйымдастырған актриса: "Сіздің көзіңізге шөп салған ба?" - деген сауалға жауап берді.
"Өкінішке қарай, иә. Ондай жағдай болған. Ол сұлулыққа байланысты емес. Мен сұлу әрі өз-өзін қамтамасыз ете алады-ау деп білетін қыздардың көбісінің көзіне шөп салған. Бұл жерде мәселе өзіне не керегін білмейтін, қандай да комплекстері бар, отбасын немесе қарым-қатынасты бағалай алмайтын адамда деп ойлаймын. Ол мәселені шешудің орнына "сыртқа" барады.
Тіпті, Бейонсенің көзіне шөп салады. Джей Зи, саған не болды? Ал Сианна Миллерге күйеуі бала күтушімен опасыздық жасаған", - деді ол.
- Төреғали Төреәлінің жары: Бір кездері өзімді тек тірлік істеп, бала туатын адам ретінде сезінетінмін
Бұдан өзге, Омарова ұлтына қатысты сауалға жауап берді.
"Әкем ұйғыр, анам қазақ. Ал құжат бойынша қазақпын", - деді ол.
Десе де, ол не ұйғыр, не қазақ тілін жетік білмейтінін атап өтті. Айтуынша, ол бала кезінен анасының туыстарымен бірге өскен. Алайда негізінен орыс тілін қолданған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
