Рамзан Қадыров жағдайы ауыр қазақстандық науқас қызға жәрдемдесті (фото)
Ресей Батыры Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласындағы 7 жасар Элиф Нұржанованы емдеуге қаржылай көмек берді.
Фото: pavon.kz
Бұл туралы жазбаны қыздың анасы Айнұр Нұржанова Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады.
«Сәлеметсіздер ме!!! Құдайға шүкір, бірнеше минут бұрын Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Элиф үшін 10500$ аударды. Бақыттымын, айтар сөзім жоқ. Құрметті Рамзан Ахматович, сізге деген алғысым шексіз!
Мейрамнан кейін нақты есеп беремін. Мереке болғандықтан алда болатын ота мен 1 қазанда өтуі тиіс тексерілуге қатысты ресми есеп ала алмадық. Мейрамнан кейін төленетін соманы білетін боламыз, оны сізге көрсетемін. Альхамдуллилах, біздің ақша жинау шотымыз жабылды!» – деп жазды қыздың анасы.
Еске сала кетейік, Нұржанованың диагнозы: ми-жұлын жарығы, гидроцефалия, скалиоз, деп хабарлады «Грозный-информ» АА.
Кеңес Рақышев Рамзан Қадыровтың жиенінің тойына қатысты (видео)
Ашынған ақжаулықты ана қаланың қақ ортасында киімін шешіп тастады
Ақтөбеде анасы тастап кеткен бір үйдің алты баласы адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр