Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамзан Қадыров ұлының тойына Қазақстан елшісі қатысқанын мәлімдеді

Қадыровтың ұлы үйлендіФото: Telegram-арна Kadyrov_95

Рамзан Қадыровтың кәмелет жасына толмаған ұлының үйлену тойына екі вице-премьер мен төрт елші қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Шешенстан басшысының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұны Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-арнасында хабарлады. 



“Ұлымның үйлену тойына Ресей премьер-министрінің орынбасарлары Денис Мантуров пен Александр Новак, президенттің өкілі және бұрынғы бас прокурор Юрий Чайка, Ресейдің либералдық-демократиялық партиясының төрағасы Леонид Слуцкий, тоғыз аймақтың басшылары, Иран, БАӘ, Түркия және Қазақстанның елшілері қатысты.  Премьер-министр Михаил Мишустин, Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин, Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко және президент әкімшілігінің басшысы Антон Вайно үйлену тоймен құттықтады”, – деп жазды ол. 

Айта кетейік, Адам Қадыров 28 маусымда Рамзан Қадыровтың жақын серігі шешен сенаторы Сүлейман Геремеевтің қызына үйленген. 

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 22:08
Талқылау