Рамзан Қадыров вакцинадан бас тартқандарды ең соңынан емдеуді ұсынды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров вакцинациядан бас тартқандар вирус жұқтырған жағдайда оларға ең соңынан медициналық көмек көрсетуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рамзан Қадыров коронавирусқа қарсы вакцинациямен байланысты түсіндіру жұмыстары үшін әр ауданда комиссия құруды тапсырды.
"Дәрігер, имам, учаскелік инспектор барлық сұрақтарға бірден жауап береді. Егер тұрғын бұған да келіспесе, онда ол соңынан ем алады. Ол оттегінің жетіспейтіндігін сезінсін", - деді Қадыров коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб отырысында.
Ол әр ауданда дін қызметкерлерімен бірлескен комиссиялар құруды, олар аулаларды аралап, адамдарға вакцинациялау қажеттілігі туралы түсіндіруді тапсырды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”