Рамзан Қадыров Ресейдегі ең бай губернатор атанды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өңірлердің ең бай губернаторлар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Открытые медиа" басылымының деректері бойынша, 2020 жылы ол 381,1 млн рубль (1 рубль - 5,81 теңге) тапқан.
ТОП-10-қа кірген өзге губернаторлар тек 378 миллион рубль табысқа шыққан.
Қадыровтың табысы екінші жыл қатарынан тез өсіп келеді. Шешенстан басшысы табыс көзін жарияламайды.
"2019 жылы ол 147 миллион рубль, ал 2018 жылы - 7,5 миллион деп жариялады, осылайша соңғы екі жылда Қадыров өзінің байлығын 50 еседен астам арттырды", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”