Рамзан Қадыров алғаш рет ауруы туралы қауесетке түсініктеме берді

Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров ауруы туралы қауесеттерге түсініктеме беріп, өзінің "мүлдем сау адам" екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қадыров туыстарының жоғары лауазымдарға тағайындалуын түсіндірді

"Егер ауырып қалсам да, әлемде миллиондаған адам коронавирус жұқтырған, ондаған мың адам қайтыс болды, мен адам емеспін бе? Менің ауруға құқығым жоқ па? Екпе қоюға және иммунитет, гемоглобинді көтеруге құқығым жоқ па? Мен мүлдем сау адаммын", - деді көмекшісі Ахмед Дудаевтің Instagram-дағы парақшасындағы тікелей эфирде Қадыров.

Бұған дейін Қадыров ауру туралы қауесеттерден кейін алғаш рет, "Ураза Байрамға" байланысты демалыс күндерінен кейін республикадағы жағдай туралы баяндамаларды жеке өзі тыңдағанын хабарлаған. Кездесудің суреттері Қадыровтың Telegram каналында жарияланды.

Еске салайық, 21 мамыр күні Қадыровтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тарай бастады. Оның Мәскеуде дәрігерлердің бақылауында екендігі болғаны анықталды. Дегенмен, Грозныйдағы "Ахмат" директоры Ахмед Айдамиров бұл ақпаратты жоққа шығарып, Шешенстанның басшысы сау екенін мәлімдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр