Рамазан Стамғазиевтің туған інісі қайтыс болды

Рамазан Стамғазиевтің туған інісі көз жұмды. Бұл туралы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметі хабарады.

"Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры және ұжымы ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері Рамазан Стамғазиевтің інісі, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Ерлан Өмірәліұлы Стамғазиевтің дүниеден озуына байланысты қазаға ортақтасып, отбасы, туған-туыстарына көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Амал кітабы оң жағынан ашылсын, Алла алдынан жарылқасын!", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ерлан Стамғазиев 1970 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Көппияз ауылында туған. 1989 жылы Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка колледжін, 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1998 жылдан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әншісі болды.

Өнер-дегі дос-әріптестері мен желідегі оқырман қайғыра көңіл айтуда.

"Иманды болсын, иманы жолдас болсын", "Рамазан аға мен жақындарына, барша қара жамылған отбасыларға көңіл айтып ,сабырлық тілейміз", "Бұл індет қашан тоқтайды, Алла амандығын берсін, қаза қайырлы болсын", "Иманы саламат болсын, жақсы адам еді. Артында есті әндері қалды", - деп жазды желідегілер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр