Рамазан айында күндіз ас беруге болмайды – Имам

Рамазан айында жаназа мен марқұмға берілетін асты күндіз емес, ауызашар уақытында беру қажет. Павлодар облысының бас имамы осылайша ас беру тәртібін шариғат талаптарына сай ұйымдастыруға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы халыққа үндеу жасап, Рамазан айында күндіз ас бермеуге шақырды.
“Рамазан айында тоқталатын ең басты тақырып ас беру, әруақтарға құран бағыштау. Рамазан айында күндіз ас беру сынды шараларды өткізуге болмайды. Бұл шариғат бойынша құпталмайды. Ораза кезінде күндіз ас беру шариғатқа кері шығатын амал саналады. Сондықтан жаназа, марқұмның қырқы сынды асты ауызашар уақытына қалдырған жөн”, – дейді Жолдас қажы.
Сонымен қатар ол жаназа кезінде Ораза ұстамаған адамдарға күндіз, аузы беріктерге кешке ас беретін жағдайды көп кезіктіретінін айтты.
“Мұндай жағдайларды халық арасында көп естимін. Рамазан айында олай бөліп жаруға болмайды. Сол себепті Қасиетті Рамазан айында асты ауызашар уақытында беруге тырысайық. Егер ол күндері уақыт болмаса бір-екі күн кешіктіріп беріңіз. Адам асқа келдіме топырағын салып, Құранын бағыштап кетуі тиіс. Ал асты ауызашар уақытында берген жөн”, – дейді Жолдас қажы.
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Аталған жәйтке қатысты Stan.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан мән-жайды сұрады. Басқарма шариғат бойынша Рамазан айында күндіз ас беру құпталмайтынын жеткізді.
“Шариғат бойынша Рамазан айында күндіз ас беру дінде құпталмайды. Ауызашар уақытына қалдыру керек”, – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде алматылық дәрігер қатты арықтап, глюкозасы күрт көтеріліп кеткен 10 жасар пациенті туралы жазған еді. Оның сөзінше, бала кейінгі айда бүкіл отбасымен ораза ұстапты. Дәрігер баланың ашығуы диабетке себеп болды деп отыр.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады