Рахметов «Еркін Мәуленді қара тізімге енгізді» деген айыпқа жауап берді
Бір кездері жарқырап шыққан жұлдыздардың бірі Еркін Мәулен соңғы жылдары сахнадан да, көгілдір экраннан да көрінбей кетті. Жуырда отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында ол продюсерлердің қара тізіміне енгенін айтып шағымданды. Десе де қолында дәлелі болмағандықтан ешкімді кінәлай алмайтынын жеткізді.
Бұл ретте көпшілік оны қара тізімге енгізген бұрынғы продюсері Алтынбек Рахметов деп топшылады. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын әнші мен продюсердің арасында түсініспеушілік болып, қатынас үзілген.
НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында продюсер Алтынбек Рахметов бұл жайтқа қатысты пікірін білдірді.
“Бұл Еркіннің өз ойынан шығарып алған мәселесі секілді. Өйткені өзім жасап жатқан жобаларға Еркінді шақырып отырамын. Оның өзінің келмей қалатын күндері болады және кейде телефоны өшірулі болады”, – деп түсіндірді ол.
Рахметовтің айтуынша, Еркіннің тележобалардан көрінбеуіне басқа себеп болуы мүмкін.
“Бұл арна осындай деп бір ауыз сөз айтып қоятын кездері бар шығар не болмаса арна басшылығының тойына келмей қойған күндері болған шығар. Қара тізім осылай қалыптасатын секілді”, – деп түйіндеді сөзін продюсер.
Жіберіп алмаңыз:
Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты
Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)
Жанар Дұғалованың аянышты халі желідегілерді шошытты (видео)
Кентал ән жазып оны 10 мың долларға сатылымға шығарды