Қолы жұлынып қалған: "Рахат" кондитерлік фабрикасы бұрынғы қызметкеріне 30 миллион теңге өтемақы төлейтін болды
Алматылық заңгер Анна Димитриевич Instagram желісіндегі парақшасында "Рахат" кондитерлік фабрикасының зардап шеккен қызметкеріне қатысты даудың соңы немен аяқталғанын жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Адвокат бұл дау ауызбіршілікпен шешілгенін атап өтті. Олар сотқа жүгінбеген көрінеді.
"Әйел протез және емделу үшін 30 миллион теңге өтемақы алды. Зауыт болашақта екі ұлының еліміздің кез келген университетіндегі оқу ақысын төлеп береді. Сонымен қатар протездеуден кейін ол зауытта жұмыс істей алады", – деп жазды Димитриевич.
Бұған дейін Алматыдағы Рахат фабрикасының қызметкері өндіріс орнында оң қолынан айырылғанын, оқыс оқиға салдарынан мүгедек жанға айналған оған ұйым тиісті өтемақы төлемей отырғанын жазған болатынбыз.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен