Рафаэль Надаль үлкен теннистегі спорттық мансабын аяқтады
Фото: EPA
Рафаэль Надаль үлкен теннистегі кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл туралы 2024 жылдың қазан айында ресми түрде жариялады, өзінің соңғы турнирі Малагада өткен Дэвис кубогының финалы болатынын мәлімдеді.
2025 жылдың мамыр айында, Франция ашық чемпионаты (Ролан Гаррос) кезінде Надальды құрметтеуге арналған әсерлі салтанат өтті. Орталық Филипп Шатрие кортында оны 15 000 көрермен тік тұрып қошеметпен шығарып салды. Сондай-ақ спортшыны аңызға айналған қарсыластары және достары – Роджер Федерер, Новак Джокович және Энди Маррей қарсы алды.
Ролан Гарроста 14 рет жеңіске жеткен Надаль жанкүйерлеріне, отбасына және әріптестеріне алғысын білдіріп, эмоциялық сөз сөйледі.
Мансабын аяқтағаннан кейін Надаль сегіз ай бойы кортқа шықпағанын және ракетка ұстамағанын айтты. Ол осы уақытта отбасымен бірге болып, тыныш өмір мен өзге жобалармен айналысудан ләззат алғанын жеткізді.
Айта кетейік, Надальдың тенниске қосқан үлесі баға жетпес: 22 "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы, оның ішінде Ролан Гарростағы рекордтық 14 жеңіс, 92 ATP атағы және спорт тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде есімі қалды.

"Мұғалімдерді заңсыз жұмыстан шығарады": Блогер Алматыдағы №12 гимназияның бұрынғы директоры әлі күнге дейін мектеп ісіне араласып жүргеніне шағымданды
