Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рафаэль Надаль академиясының түлегі кокаин қолданғаны үшін теннистан уақытша шеттетілді

Фото: instagram.com/imransibillee

Рафаэль Надальдың Мальоркадағы академиясының түлегі, 23 жастағы марокколық теннисші Имран Сибиль кокаин қолданғаны үшін теннистен уақытша шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Халықаралық теннисте адалдықты қамтамасыз ету агенттігі (ITIA) хабарлады.

Допинг сынамасы 2025 жылғы 9 наурызда Каталонияда өткен ITF турнирі кезінде алынған. Сараптама нәтижесінде кокаин мен оның метаболиттері анықталды. Теннистегі антидопингтік бағдарламаға (TADP) сәйкес, Сибиль 2025 жылдың 8 мамырынан бастап уақытша жарыстардан шеттетілді. Қазіргі таңда спортшы бұл шешімге қарсы апелляция түсірген жоқ.

Имран Сибиль бұған дейін әлемдік рейтингте 1433-орында тұрған. 2019 жылдың тамызында ол Манакордағы "Челленджер" турнирінің бірінші айналымында Энди Маррейге қарсы матч өткізіп, өзінің мансабындағы маңызды сәттердің бірін өткізген еді.

Бұл жағдай теннистегі допинг ережелерінің сақталуына байланысты мәселелерге қайта назар аудартып, мамандар мен жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 17:53
Талқылау