Радиациялық апат қаупі бар: Иранда ядролық реакторға зақым келді
Фото: armscontrol.org
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Иранның Арак қаласына жақын жерде салынып жатқан ядролық нысанға жасалған соққыны растап, "негізгі ғимараттарға" зақым келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бейсенбі, 12 маусымда Израильдің әскери ұшақтары Арактағы реакторды бомбалады.Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік оқиға орнында ядролық материал болмағанын мәлімдеді.
Тегераннан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде орналасқан Арактағыдай реакторлар ғылыми мақсатта пайдаланылуы мүмкін, бірақ жанама өнім ретінде онда ядролық қару жасауға пайдалануға болатын плутоний шығарылады.
Агенттік басшысы Рафаэль Гросси Израиль соққысының салдары "ірі радиологиялық оқиғаға" әкеп соқтырмағанымен, әлі де "радиациялық апат" қаупі бар екенін айтты.
"Бұл күрделі және түсініксіз жағдайларда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің ядролық нысандар туралы техникалық ақпаратты уақтылы және тұрақты алып отыруы өте маңызды", – делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған еді. Иран қарымта жауап ретінде дрондар ұшырды.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
