AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз бұрыш баллонын шашқан": Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

Шымкентте мектеп оқушылары белгісіз заттан уланды. Білім ошағына бірнеше жедел жәрдем көлігі шұғыл түрде жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 5 қазан күні сағат 10.30-да №55 мектепте болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер мектеп оқушыларының белгісіз затпен уланғанын анықтаған.

"Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы келіп, жеті оқушы мен мектеп қызметкеріне алғашқы көмек көрсетті. Улану белгілері бар үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Олар оттегі терапиясынан өтті. Оқушылар екі сағат бойы медициналық бақылауда болып, үйлеріне жіберілді", - деп толықтырды департамент.

Алдын ала ақпарат бойынша тапа-тал түсте 9 сынып оқушысы бірі мектеп ішіне қарақшылық шабуылдан қорғанатын газ баллонын шашқан. Газ баллоны қыздың әкесіне тиесілі болған. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @aibat__kz

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр