Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы жол апатынан төрт адам ажал құшты

4 адам көз жұмған апат

Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 106 шақырымында Mercedes пен ВАЗ көліктері бетпе-бет соқтығысып, оқиға орнында төрт адам көз жұмды.

Бұл ақпаратты Қостанай облысы Полиция департаменті растады.

“Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан”, – деп мәлімдеді ведомство.

Жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті. Қазір олардың екеуі ауруханада жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 16:12