Алматыдағы резонансты жол апаты: ZEEKR жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатында айыпталып отырған ZEEKR көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апаты бойынша іс жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, ZEEKR электромобилінің жүргізушісі тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұған дейін ол ауруханада күзетпен жатқан.
-
Алматылық полицейлер апатты жағдай тудырған жүргізушілерді жасырын бақылайды
- Қазақстандықтар бала өліміне әкелген оқиғадан кейін Hyundai көліктерін жаппай тексеріп жатыр
Еске салайық, бұған дейін Алматыда болған жол апатында бірнеше адам қаза тапты. Кейін апатқа кінәлі жүргізушінің Zeekr көлігін басқарғаны және жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу аясында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, полиция департаментінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қызметінен босатылды.
Дегенмен қоғамда резонанс тудырған істен соң Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов лауазымы, байланыстарына қарамай кінәлілер жазадан құтыла алмайтынын мәлімдеді.