Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qnet қаржы пирамидасы болып танылды: Ұйымның Қазақстандағы басшысы тергеуге алынды

Qnet халықаралық компаниясын Қазақстанда қаржы пирамидасы деп танылды. Сондай-ақ компанияның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы тергеуге алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысындағы аумақтық департаменті "Qnet"компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

Агенттіктің айтуынша, компания Қазақстан аумағында тіркелмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банк қызметі мен банк операцияларын жүргізуге лицензиясы, рұқсаты жоқ. 


"46 миллион теңге салдық": Qnet желілік маркетингіне алданған қазақстандықтар шу шығарды


Бұған қоса, іс фигуранттарының біріне қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Qnet – QI тобының негізгі еншілес кәсіпорны. 1998 жылы негізі қаланған. Гонконгте орналасқан, тікелей сатылым мен көп деңгейлі маркетингті пайдаланады. Компания қаржы пирамидасын құрды деп бірнеше рет айыпталды.

Талқылау