"Қиын бәсекеге дайынбыз және жеңіске сенеміз": Ұлттық құрама капитаны Астанадағы жанкүйерлер қолдауының маңызын атап өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup іріктеу кезеңіне дайындықтың белсенді кезеңін жалғастырып жатыр. Команда капитаны Юрий Щукин теннисшілердің топырақ (грунт) төсенішіне бейімделуі және Астанадағы "өз үйіңдегі қабырғалардың" шешуші рөлі туралы айтып берді.
Қазір әлемдік теннисте маңызды кезең – қатты хард төсенішінен баяуырақ грунтқа ауысу уақыты басталды. 10-11 сәуір күні Астанадағы Ұлттық теннис орталығында (Beeline Arena) біздің арулар тап осы төсеніште турнирдің финалдық кезеңіне шығу үшін Канада құрамасымен бақ сынайды.
Юрий Щукин қазіргі жаттығу процесі туралы айтып берді.
"Біздің көптеген ойыншымыз грунт маусымына еніп кетті. Юлия Путинцева АҚШ-та осы төсеніште бірнеше матч өткізсе, Жібек Құламбаева Үндістан корттарында тамаша ойын көрсетті. Оқу-жаттығу жиынына кейінірек қосылғандар доптың секіруі мен ойын ырғағына тезірек бейімделу үшін Астанаға ерте келді. Біз әр қарсыласқа қарсы жеке тактиканы егжей-тегжейлі қарастырып жатырмыз", – дейді Юрий Щукин.

Сонымен қатар капитан Елена Рыбакинаның неліктен бұл жолы тізімге енбегенін түсіндіріп өтті. Бұл спортшы мен Қазақстан теннис федерациясының бірлескен стратегиялық шешімі. Биыл Еленада әлемнің бірінші ракеткасы атануға тарихи мүмкіндік бар, бұл жеке кестені барынша тығыз жоспарлауды талап етеді. Соған қарамастан, құрама көшбасшысы командамен үнемі байланыста және әріптестеріне қолдау білдіріп отыр.
"Астанада әлемдегі ең үздік жанкүйерлер екенін жақсы білеміз. Өз алаңымызда ойнау бізге әрдайым басымдық пен сенімділік береді. Трибуналардың энергиясы – матчтың ең жауапты сәттерінде көмектесетін біздің басты артықшылығымыз. Біз қиын бәсекеге дайынбыз және жеңіске сенеміз", – деп атап өтті капитан Юрий Щукин.
Қазір құраманың дайындығы жоспарлы режимде өтіп жатыр. Ойыншылардың көңіл күйі көтеріңкі және әлем біріншілігінің финалына жолдама алу үшін барын салуға дайын.
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Forte. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған