AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдарға пәтер кілті табысталды

Отандық вакцинаны өндіруші ғалымдарға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне арнап салынған 180 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтап, ғалым-мамандардың, құрылысшылардың елеулі еңбегін атап өтті.

"Жақында ғана облысымызға жұмыс сапарымен келген  президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, шын мәнінде бұл үлкен жетістік. Еліміз үшін қажетті өндіріс. Сіздер Қазақстанды әлемге тағы бір таныттыңыздар. Біздің елімізде де биотехнологияның дамығанын, жоғары білікті ғалымдардың бар екенін дәлелдеңіздер", - деді әкім.

Сапарбаевтың айтуынша, шетелдерде мұндай өндірісті құруға 3-4 жыл  жұмсалса, біз тоғыз айдың ішінде үлкен зауыт сала алдық. Вакцина дүние жүзінде мойындалып жатыр.

Мемлекет басшысы ғалымдарға, мамандарға барлық қажетті жағдай жасау, олардың ештеңеге алаңдамай жұмыс істеуіне, ғылыммен айналысуына қолайлы орта қалыптастыру, баспанамен, балаларын мектеп және балабақшамен қамту жөнінде тапсырма берген болатын.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария барынша қолдау көрсетіп жатқан ел, облыс басшылығына, құрылысшыларға деген ықыласын білдірді.

Институт және зауыт қызметкерлері мен олардың балалары үшін 120 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ойын алаңдары да салынған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр