Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мұғалімдер енді аттестация тапсырмайды: Бірақ бұл бәріне қатысты емес

Енді Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау сынағы жүргізілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында тестілеу рәсімі алынып тасталғанын мәлімдеді. 

“ОЗП, яғни мұғалімдердің, ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Өте жақсы. Менің ойымша мемлекет басышысы сіздерге зор сенім артып үлкен жанашырлық танытуда. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын. Сәйкесінше, хат білім басқармаларына бүгін жолданды”, – деді министр.

Қазақстанда мұғалімдер жаңа аттестация талабының салдарынан сыйақыларынан айырылды

Қазақстанда мұғалімдер жаңа аттестация талабының салдарынан сыйақыларынан айырылды

Оқыңыз

Жаңа өзгеріс тек жұмыс істеп жүрген ұстаздарға ғана емес, декреттік демалыста болған мұғалімдерге де қатысты. Бұған дейін олар да аттестациядан өтуге міндетті болған еді. Енді бұл талап жеңілдетілді.

Алайда екі жыл үзіліс жасап, басқа жұмысқа кетіп, қайта оралатын мұғалімдер, бағалау сынағынан өтуге міндеттеледі.

“Модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санатындағы мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары үшін тест толық тоқтатылды. Ал төлем жасап қойғандар ақшасын кері қайтара алады. Дегенмен педагог мамандығына алғаш келетіндер тестілеуден өтуге міндетті”, – деп мәлім етті Ұлттық тестілеу орталығы.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 09 Сәуір, 2026 08:12