Қазақстандық мектептердегі түлектердің бітіру кешіне ақша жинауға, мейрамханаларда өткізуге тыйым салынады

Фото: gov.kz
Оқу-ағарту және ішкі істер министрліктері түлектердің бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктердің мәлімдеуінше, қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарын қорғауды және құқықбұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.
Аттестаттарды табыстау рәсімі тек мектеп қабырғасында өтеді.
Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де нәрсе жинауға қатаң тыйым салынады.
ОқыңызБелгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде өткізуге жол берілмейді.
“Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматыда ата-аналар бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинап жатқанын айтып, оқушыларға жұмсалатын ақшаның көптігіне ашуланды.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты